Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін авариялық-құтқару құрал-саймандармен, жабдықтармен, құрал-жабдықпен және киім-кешекпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 152 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін авариялық-құтқару құрал-саймандармен, жабдықтармен, құрал-жабдықпен және киім-кешекпен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 218 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін авариялық-құтқару құрал-саймандармен, жабдықтармен, құрал-жабдықпен және киім-кешекпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ш. Әрінов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі