(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕМЕЛЕРДІҢ АУМАҚТЫҚ СУЛАРДА (ТЕҢІЗДЕ),...

Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері;

2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 11 наурыздағы

№ 209 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және

 уақыттық шектері


1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.