«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының регламентін, ережесі мен құрамын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығы (2025.06.10. берілген өзгерістермен)

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының регламентін, ережесі мен құрамын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығы

(2025.06.10. берілген өзгерістермен)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті айқындалсын.

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.