«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 366 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Музей қорын қалыптастыру»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларымен және басқа да мемлекеттермен берілген материалдарды және олжаларды қабылдау.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: