«Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 5 маусымдағы № 90 бұйрығы (күші жойылды)

Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 5 маусымдағы № 90 бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 16 шілддегі № 127 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3 - бабы 5 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес, тексерудің басталуы туралы хабарламаның нысаны;

2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасына сәйкес, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

3) осы бұйрықтың 3 - қосымшасына сәйкес, тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның нысаны;

4) осы бұйрықтың 4 - қосымшасына сәйкес, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламаның нысаны;

5) осы бұйрықтың 5 - қосымшасына сәйкес, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың нысаны;

6) осы бұйрықтың 6 - қосымшасына сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.