«Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемесін орындауы үшін кепілдіктің үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 387 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 145 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемесін орындауы үшін кепілдіктің үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 387 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17058 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемені орындау кепілдігінің үлгілік нысанын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемені орындау кепілдігінің үлгілік нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесін орындауы үшін кепілдіктің үлгілік нысанында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемені орындау кепілдігінің үлгілік нысаны»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«______________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
заңнамаға сәйкес құрылған заңды тұлға
________________________________________________________________________________,
(Қазақстан Республикасы/мекеме елі (шетелдік заңды тұлға үшін),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________,
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды
тұлғалардың филиалдары/өкілдіктері үшін)