«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеугеберу және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 7-қосымша) (2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.21.01. № 53 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 650 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 684 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 сәуірдегі

№ 198 бұйрығына 7-қосымша

 

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеугеберу және патронат тәрбиешiлерге берiлген

баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.07.10. № 435 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент, қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.