«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1338 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: