«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 135 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 135 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.