Осы редакция 2016 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысына 6-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласының және Атырау облысы аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда - кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады.