«Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 20-қосымша) (2019.24.05. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен 20-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 272 бұйрығына

20-қосымша

 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

«Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр - Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдары (ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап - 1 жұмыс күні ішінде;

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 30 минут;

қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 1 жұмыс күн ішінде.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 072/е нысаны бойынша берілген санаторийлік - курорттық картасы.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.