7. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнаулы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүргізіледі.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 45-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тəсілдері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тəсілдері мыналар болып табылады:
2) санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі;
3) өндірістік бақылау нəтижелерінің мониторингі;
4) хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі;
5) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнім (тауарлар) жарнамасының мониторингі;
6) есепке алу мен есептік құжаттаманың мониторингі;
7) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг.
2. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар əкелетін өнім жəне əкелінетін өнімнің сəйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сəйкестігін растауға немесе өнімнің сəйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сəйкестікті растау нəтижелерін тануға жүгінген кəсіпкерлік субъектілері туралы, сынақ нəтижелері, сəйкестікті растау жөніндегі органдар туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынатын, өнім сəйкестігінің дəлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мəліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
Камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мəліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уəкілетті органның ұсыну тəртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар əкелетін өнім жəне əкелінетін өнімнің сəйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мəліметтерді ұсынады.
Техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган өнімге сынақ жүргізуге, оның сəйкестігін растауға немесе өнімнің сəйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сəйкестікті растау нəтижелерін тануға жүгінген кəсіпкерлік субъектілері туралы, сынақ нəтижелері туралы, сондай-ақ өнім сəйкестігінің дəлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған, сəйкестікті растау жөніндегі органдар туралы мəліметтерді ұсынады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылау нəтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің жəне (немесе) техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық анықталған кезде, оның ішінде əкелінген өнім (тауар) мен əкелінген өнімге (тауарға) сəйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мəліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шаралар қабылдайды:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жəне өнімге сынақ жүргізуге, оның сəйкестігін растауға немесе өнімнің сəйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сəйкестікті растау нəтижелерін тануға жүгінген, өнімді (тауарды) Қазақстан Республикасының аумағына əкелумен жəне (немесе) өткізумен айналысатын кəсіпкерлік субъектілеріне қатысты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жібереді, бұл ретте оларды жою тəртібі міндетті түрде түсіндіріледі;
2) сəйкестікті растау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) қатысты - техникалық реттеу саласындағы уəкілетті органға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы фактілері көрсетілген ақпарат оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін жіберіледі;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты - мемлекеттік кірістер органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі:
1) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы берілген ақпаратқа;
2) объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкестігі туралы ұсынылған аудиторлық қорытындыларға жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі шеңберінде объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкестігі туралы аудиторлық қорытындының толық толтырылуына талдау жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.
4. Өндірістік бақылау нəтижелерінің мониторингі эпидемиялық мəні бар объектілерде жүргізілген өндірістік бақылау нəтижелері туралы жəне тексерулердің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілетін мəліметтерге негізделеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес өндірістік бақылау нəтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімдік есептерді қалыптастырады жəне ұсынады.
Өндірістік бақылау нəтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.
5. Хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, тексерулердің жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, тергеп-тексерулердің нəтижелерін талдау негізінде жүргізіледі.
Хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне рұқсаттың немесе хабарламаның болмауы анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, əрекеттерге) тыйым салу түрінде жедел ден қою шарасы қолданылады.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйін байқаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторларының əсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.
Талдау, бағалау мен болжау - инфекциялық, инфекциялық емес жəне паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе таратушылардың ену жəне таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына жағымсыз əсерін жəне осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық жəне экономикалық салдарларды негіздеп бағалау.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде табиғи орта құрамдастарындағы (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнім (тауарлар) жарнамасының мониторингі мемлекеттік тіркеуге жататын өнімге қатысты жүргізіледі.
Жарнама мониторингінің объектілері масс-медиа және сыртқы (көрнекі) жарнама болып табылады.
Жарнама мониторингін жүргізу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын, сондай-ақ оның Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркелуі туралы мəліметтердің болуын тексеруден тұрады.
Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда:
1) жарнама берушіге жəне (немесе) жарнама таратушыға осы Кодекстің 44-бабына сəйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне өнімді (тауарды) өткізуден алып қою жəне кері қайтарып алу түріндегі жеделден қою шарасы қолданылады;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бұзушы туралы ақпарат масс-медиа саласындағы уəкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен жіберіледі.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есептік құжаттаманың мониторингі олардың уақтылы ұсынылуын жəне (немесе) анықтығын салыстыруды жəне талдауды қамтиды.
9. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын субъектінің (объектінің) қызметі туралы мəліметтерді қамтитын мəліметтер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
45-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер
1. Тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) - 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексерулерді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібіне сəйкес жүргізеді.
3. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:
1) талап етілуі бақылау мен қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке-дара қорғану құралдарын лауазымды адамға немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға беруді;
2) тергеп-тексеруге қатысты құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша жəне (немесе) ауызша нысанда беруді;
3) объектіге зерттеп-қарау; өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау жүргізу; зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеуді жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндік беруді;
4) лауазымды адамдардың, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (тұрғын жəне əкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға жəне басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеру шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау; зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеу жүргізу жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша осы Кодекстің 42-1-бабында көзделген негіздер болған кезде жедел ден қою шаралары қолданылады, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуі, осы Кодекске сəйкес шектеу іс-шаралары енгізілуі мүмкін.
6. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
7. Тергеп-тексеру нəтижелері бойынша тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмауы керек.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт жəне (неме се) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, өзіне тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тергеп-тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
9. Тергеп-тексеру қорытындыларына шағым жасау тергеп-тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
10. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды мерзімінен бұрын немесе тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде жойылған жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді (қажет болған кезде).
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
12. Осы баптың ережелерін жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүргізу тəртібін сақтамау тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту жəне нəтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тану жəне (немесе) олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
13. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары тергеп-тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органының интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
46-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагнит өрістері мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы.
2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мемлекеттік материалдық резервте сақтаудағы, жарамдылық мерзімі өткен тағамдық өнімдерді кәдеге жаратуды жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі.
Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы - жобалар сараптамасының жаңа объектілер салуға немесе қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) кешенді ведомстводан тыс сараптамасының, қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының құрамында жүргізілетін бөлігі.
Эпидемиялық мәні бар объектілер құрылысы жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың) сынамаларын (үлгілерін) іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен жүргізеді.
3. Құрылыс жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын:
1) эпидемиялық мәні бар объектілердің құрылысына арналған жобалар (есептік (алдын ала) санитариялық қорғаныш аймағының өлшемін белгілей отырып, техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама) бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті өкілді органдарының бекітуіне жататын қала құрылысының жобалары бойынша жүргізіледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;
2) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, шикізатқа және өнімге;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тағамдық өнімдердің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын келісуге;
4) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға жүргізеді.
47-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібі
1. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулер, электромагнит өрістері мен физикалық факторларды өлшеулер, басқа да зерттеулер мен сынақтар жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемдерін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тағамдық өнімге санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер мынадай:
1) жарамдылық мерзімінің өткені;
2) сапасыздықтың айқын белгілері (бүліну, ыдырау, ластану) анықталған жағдайда жүргізілмейді.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.
4. Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы ұсынады.
48-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудитор жүргізеді.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын объектілер иелерінің жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өтініш беруші мен аудитордың арасында жасалған санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.
3. Аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша беруге міндетті.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыда көрсетіледі.
5. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыны аудитор аудит аяқталған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нәтижелері эпидемиологиялық мәні жоғары объектілерді тексерулерден босатуға негіз болмайды.
49-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторларға қойылатын талаптар
1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;
тиісті мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі;
санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеудің болуы;