«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 277 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 197 бұйрығымен күші жойылады (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9994 болып тіркелген, 2014 жылы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.