«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 284 қаулысына 4-қосымша) (2018.21.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қостанай облысы әкімдігінің 2019.26.07. № 302 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталды

Қостанай облысы әкімдігінің

2016 жылғы 21 маусымдағы

№ 284 қаулысына 4-қосымша

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2018.27.06 № 300 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық

немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2018.21.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2018.21.12. № 557 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтiштердi қабылдау және мемлекетт қызмет көрсетудің нәтижелер беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.