Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 690 Қаулысы
(2026.09.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 690 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2026.24.09. № 838 Қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: