(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ...

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 146 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Бiлiм туралы» заңдарына сәйкес облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мамандарды даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегiнде бағдарламаның әкiмшiсi - Маңғыстау облысының бiлiм басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

3. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды көздестірсін.

4. «Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (З.Ж. Тастемірова):

осы қаулының техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін;

осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.