«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1-НҚ нормативтік қаулысы

«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1-НҚ нормативтік қаулысы

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелді, 2016 жылғы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. «Есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің атқарылуын талдау» деген бөлімде мыналар:

1) республикалық бюджеттің түсімдері мен кірістерінің атқарылуын талдау, соның ішінде:

республикалық бюджеттің кірісіне түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығы;

орындалмауына ықпал еткен себептер, соның ішінде елдің дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды көрсете отырып, жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар және міндетті төлемдер;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен салықтық түсімдер көлемдері.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.