Тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 225 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 503 бірлескен бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, тексерілетін субъектілердің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.