(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АВИ...

Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығы

(2020.16.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.