«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 700 бұйрығы

 «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 700 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:

73-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73-1. 168 «Айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және басқа төлемдер» және 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшеліктері бойынша шығыстарды есептеу осы Қағидаларға 91-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

168 «Айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және басқа төлемдер» ерекшелігі бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеуге арналған шығыстарды есептеу жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:

«74-1. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізген жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Қағидаларға 96-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру бойынша шығыстардың жиынтық есебін оңайлатылған түрде және қағаз тасығышта береді.

96-қосымша осы Қағидаларға 97-қосымшаға сәйкес жасалатын мемлекеттік мекемелердің төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру бойынша шығыстардың жиынтық есебін жинақтау жолымен жасалады. 97-қосымшаға экономикалық сыныптауыш ерекшеліктері бөлінісінде қаржы-экономикалық қызмет басшысы қол қойған есеп-қисаптар мен мәлімделетін шығыстардың негіздемелері қоса беріледі.»;

1-тармағының тоғызыншы - он екінші абзацтары 2026 ж. 21 қазанынан бастап күшіне енді

80-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.