«Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығы (2025.05.03. берілген өзгерістермен)

Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығы

(2025.05.03. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-122) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік және Мал шаруашылығы департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «7. Өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.».

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.