Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығы
(2026.20.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.20.03. № 94 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-122) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік және Мал шаруашылығы департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «7. Өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.».
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»