«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 5-қосымша) (2015.07.12. берілген өзгерістермен) (2016.31.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.31.10. № 947 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.31.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1-Тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптамалық ұйым);

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 9 (тоғыз) ай ішінде;

Мерзім:

көрсетілетін қызметті алушы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы толық сараптаманың алдын ала қорытындысына қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне түпкілікті сараптамалық қорытындыға қарсылығын берген жағдайда жеті айдан аспайтын мерзімге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.