«Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 1391 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мəдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттілікке қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 тамызда

 

№ 1391

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2026 жылғы 6 тамыздағы

№ 1391 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.