«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/426 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/426 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылданбайтын тұлғалар, сондай-ақ Заңның 15-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға барғандар кадр резервіне қосылмайды.»;

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты Министр Персоналды басқару қызметі ұсынған өтініштер және қызметтік тізім негізінде кадр резервіне қосу туралы бұйрық қабылдайды.

16. Кадр резервіне енгізілген тұлғалардың тізімі Министрдің кадр резервіне қосу туралы бұйрығы қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Министрліктің сайтында жарияланады.

Кадр резервіне қосудан бас тартылған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген тәртіпте кадр резервіне қосудан бас тарту туралы дәйектелген жауаптары бар хабарламалар Министрдің бұйрығы қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жолданады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.