Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 404 бұйрығы
(2019.09.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қызметтік жануарларды сатып алуды бекітілген нормалар бойынша тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. СҰЛТАНОВ
2015 жылғы « » ________
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 404 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.09.08. № 696 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету