Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 шешімі
(2025.11.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арқалық қалалық мәслихатының осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Елтебаева |
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2025.24.04. № 162 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 11 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Арқалық қалалық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 85 шешіміне
1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер