«Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 мамырдағы № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 472 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 мамырдағы № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 472 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 мамырдағы № 278 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу және қалыптастыру қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларды әзірлеудің мақсаты мемлекеттік қаржыны тиімді басқару үшін цифрлық базаны қалыптастыру болып табылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері:

бюджетті жоспарлау процесінде қолданылады;

қоғамдық кеңестердің отырыстарында, Қазақстан Республикасының Құрылтайында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде талқыланады және республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсынылатын құжаттар мен материалдардың құрамына енгізіледі;

тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.