(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕ...

2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 101 шешімі

(2024.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024.04.04. № 154 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 13 921 396 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 10 187 300 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 3 713 996 мың теңге;

2) шығындар - 16 033 901,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 158 658 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 197 336 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 38 678 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 271 163,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 271 163,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 197 336 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 38 678 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 112 505,6 мың теңге.

2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетін болып белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.