Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 7-ПГВр Қаулысы
Қазақстан Республикасы халқының қызылшамен сырқаттануының өсуін және таралуын болдырмау мақсатында, көршіліс елдерде ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттану бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды (Украинада - 20553, Ресейде - 1149, Қырғызстанда 119 қызылша жағдайы) ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 21-бабының 13-тармағы 4)-тармақшасының негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана қалаларының, көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің, Ұлттық сараптама орталығының облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша филиалдарының басшылары:
1) адамдардың қызылшамен сырқаттануын егілуі, жасы бойынша өсу қорытындысымен уақтылы есепке алу, талдау және ұйымдасқан ұжымдарға баса назар аудара отырып зертханалық зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында сырқаттануды апта сайын мониторингтеу жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне (бұдан әрі Комитет) қызылша жағдайының тіркелуі туралы кезектен тыс ақпаратты беруді 24 сағат ішінде қамтамасыз етуді;
3) қызылшаның әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеу және инфекция ошақтарын эпидемиологиялық тексеруді, қызылшаға қарсы профилактикалық егуі туралы мәліметтерді тіркеп, оның шекарасын, инфекция көзін, анықтау, қамтамасыз ету;