«Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 бұйрығы (2025.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 бұйрығы

(2025.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2024.25.12. № 875 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 162) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысаны бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген);

2) «Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 486 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8131 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.