«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығы (2026.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығы

(2026.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Бас Прокурорының 2025.18.05. № 36 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 15), 22) және 23) тармақшаларына, 17-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабының 1-2-тармағына және 276-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8-бабының 7-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 759-бабының 5-бөлігіне және 802-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Бас Прокурорының 2025.18.05. № 36 бұйрығымен (2025 ж. 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 90 бұйрығымен (2026 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса беріліп отырған:

1) Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) Сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, азаматтық, әкімшілік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.