«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/327 қаулысымен бекітілді) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 10 шілдедегі

№ А-7/327 қаулысымен

 бекітілді

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 Қаулысымен күші жойылды

 

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

 (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 27 сәуірдегі № 272 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.