«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 321 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 321 бұйрығы

 

«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн.

2. Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15556 болып тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 18 мамырдағы № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22808 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.