Қазақстан Республикасының
Бас Прокурорының
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 109 бұйрығына 2-қосымша
«Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы»
№ 1-ӘІ нысанды есепті құрастыру бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы» № 1-ӘІ нысанды есебі (бұдан әрі - № 1- ӘІ нысанды есеп) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (бұдан әрі - ҚРӘҚБтК) сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - әкімшілік тәжірибе субьектілері) үшін бірыңғай болып табылады және олардың жұмысының нәтижесі туралы статистикалық деректерді бейнелейді.
2. № 1-ӘІ нысанды есеп «Жинақ есеп» А кестелерінен, «Әйелдермен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» А кестесіне қосымшадан, әкімшілік тәжірибенің әр субьектісі бойынша тараулардан, «Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі өтініштерді қарау» Б кестесінен, және бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау саты соттарының жұмыстары туралы (1-ӘҚБ, 2-ӘҚБ, 3-ӘҚБ, 4-ӘҚБ) тараулардан тұрады.
Республика, сондай-ақ өңірлер және әкімшілік тәжірибенің әр субъектісі бойынша № 1-ӘІ нысанды есептің А кестесі «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттар жүйесінің орталықтандырылған деректер банкінің (бұдан әрі - АЕ ААЖ ОДБ) мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппаратында автоматтандырылған режімде қалыптастырылады.
3. Соттардың жұмысы туралы тараулар Қазақстан Республикасы Сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің (ҚР СО БААТЖ) электрондық деректер негізінде қалыптастырылады.
4. АЕ ААЖ ОДБ енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ оларды Комитетке уақытылы ұсынуды әкімшілік тәжірибе субъектілерінің басшылары қамтамасыз етеді.
5. Деректердің дұрыстығына бақылауды Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары жүзеге асырады.
2. № 1-ӘІ нысанды есепті қалыптастыру мерзімдері
6. № 1-ӘІ нысанды есеп бойынша статистикалық қиындыны қалыптастырудың басталуы - тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 4-күні.
Олардың арасындағы логикалық арақатынасты тексеруді қамтамасыз ету үшін әр субъект бойынша есеп пен тарауларды қалыптастыру бір уақытта жүргізіледі.
Статистикалық қиындының дұрыстығы Комитеттің аумақтық басқармаларында тексеріледі және АЕ ААЖ бағдарламасының электронды режимінде есепті мерзімнен кейінгі айдың 18-нен кешіктірілмей расталады.
7. Республика бойынша есепке (жинақ есеп) Комитеттің Төрағасы қол қояды.
8. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және әкімшілік тәжірибе субъектілеріне Комитет № 1-ӘІ нысанды есепті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі «ЭҚАБЖ» бойынша электрондық нысанда есепті мерзімнен кейінгі айдың 20-күні ұсынады.
9. Әкімшілік тәжірибенің субъектісі Комитеттің орталық аппаратына немесе оның аумақтық органдарына сұрау жіберу арқылы қосымша мәліметтерді алуы мүмкін.
3. Жинақ есептің және есеп тарауларының құрылымы және оларды қалыптастыру
10. Жинақ есептің, есепке қосымшаның және әкімшілік тәжірибенің әр субъектісі бойынша тараулардың бағандары мен жолдары бір-біріне ұқсас.
11. Кестенің деректері әкімшілік тәжірибе субъектісінің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы мәліметтерді құрайды.
Кестелердің жолдары ҚР ӘҚБтК-мен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізімін құрайды.
12. 1-бағанда есепті мерзімнің басында аяқталмаған істердің қалдықтары бейнеленеді. Есепті жыл барысында бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалады.
2-бағанда есепті мерзімде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны бейнеленеді.
3-бағанда алдыңғы жылдан өткен істерді ескерумен, есепті мерзімде қаралған әкімшілік істердің саны бейнеленеді.
4-жолда 3-жолдан есепті мерзімде белгіленгеннен астам мерзімде қаралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны бейнеленеді.
5-бағанда оларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылар шығарылған тұлғалардың саны бейнеленеді.
6-бағанда әкімшілік өндірісті тоқтату туралы қаулылар шығарылған істер саны бейнеленеді.
7-бағанда жазаға тарту туралы қаулы шығарылған істердің саны бейнеленеді.
ҚР ӘҚБтК-не ведомстволық бағынысты баптарының санкцияларына тәуелді негізгі және қосымша жазалау шаралары бейнеленеді.
Келесі бағандарда мемлекетке тигізілген залалдың, мемлекеттің есебіне өтелген, салынған және ерікті түрде өтелген айыппұл (теңгеде) сомалары, мәжбүрлі түрде орындалған әкімшілік өндірістердің саны (тұлғаларда), әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың (кәмелетке толмағандар туралы істерді қарауға құзыреттілігі болған кезде), мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының (ҚР ӘҚБтК 30-бабы), заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің саны, орындалған айыппұлдар бойынша қаулылар саны, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі қысқартылған өндіріс бойынша өтелген айыппұл сомасы көрсетіледі.
13. Б-кестесі АЕ ААЖ ОДБ деректері негізінде қалыптасады. Б кестесінің бағандарында есепті мерзімде жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша келіп түскен арыздар саны, олардан өндіріске қабылданғандар саны бейнеленеді, қайтарылғандар және қарау нәтижелері бойынша шешімдер шағымдар мен наразылықтар бойынша бөлек бейнеленеді. Жолдар ҚР ӘҚБтК-мен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізімін құрайды.
Ескерту: егер мерзімнің аяқталуы жұмыс емес күнге (демалыс, мереке) түссе, мерзімнің келесі күні болып одан кейінгі бірінші жұмыс күні саналады.