«Қазақстан Республикасының Экология Кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі (2026.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2) белгіленіп отырған қызметтің ерекшеліктері мен оның қоршаған ортаға ықтимал әсер етуін ескере отырып, оны жүзеге асырудың ықтимал нұсқаларын сипаттау, оған қоса:

белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы оны қолдану үшін таңдаған нұсқа, оны таңдауды негіздеу, басқа ықтимал ұтымды нұсқаларды, оның ішінде адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайлы ұтымды нұсқаны сипаттау;

3) белгіленіп отырған қызметтің елеулі әсер етуіне ұшырауы мүмкін табиғи ортаның құрамдастары және өзге де объектілер туралы ақпарат, оған қоса адамдардың өмірі және (немесе) денсаулығы, олардың тұру және қызмет ету жағдайлары, биоәртүрлілік (оның ішінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі, генетикалық ресурстар, өсімдіктер мен жабайы жануарлардың табиғи ареалдары, жабайы жануарлардың миграция жолдары, экожүйелер), жер (оның ішінде жерді алып қою), топырақ (оның ішінде органикалық құрам, эрозия, нығыздалу, өзге де тозу нысандары), сулар (оның ішінде судың гидроморфологиялық өзгерістері, мөлшері мен сапасы), атмосфералық ауа, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің климаттың өзгеруіне қарсы тұруы, материалдық активтер, тарихи-мәдени мұра объектілері (оның ішінде сәулет және археологиялық), ландшафтар, сондай-ақ көрсетілген объектілердің өзара іс-қимылы;

4) белгіленіп отырған қызметтің осы тармақтың 3) тармақшасында санамаланған объектілерге мыналардың:

белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде қазіргі бар объектілерге кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүргізу қажет болған жағдайларда, оларға арналған объектілерді салу мен пайдаланудың;

табиғи және генетикалық ресурстарды (оның ішінде осы ресурстардың болуына және олардың орналасқан жеріне қарай жерді, жер қойнауын, топырақты, суды, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің объектілерін, жабайы жануарлардың миграция жолдарын) пайдаланудың;

қоршаған ортаға эмиссиялар, қалдықтардың жинақталуы және оларды көмудің;

қолданыстағы және жоспарланған өндірістік және өзге де объектілерден кумулятивтік әсер етудің;

белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру процесінде техникалық-технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және өзге де жобалық шешімдерді, оның ішінде осы Кодексте көзделген жағдайларда - оларды қолданудың тиісті салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникаларды қолданудың нәтижесінде туындайтын ықтимал елеулі (тікелей және жанама, кумулятивтік, трансшекаралық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, оң және жағымсыз) әсер етуді сипаттау;

5) қоршаған ортаға эмиссиялардың, физикалық әсер етудің шекті сандық және сапалық көрсеткіштерін негіздеу;

6) қалдықтардың түрлері бойынша олардың жинақталуының шекті санын негіздеу;

7) егер белгіленіп отырған қызмет шеңберінде қалдықтарды көму көзделсе, қалдықтарды түрлері бойынша көмудің шекті көлемдерін негіздеу;

8) белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру шеңберінде тиісінше белгіленіп отырған қызметке және оны жүзеге асырудың болжамды орнына тән авариялар мен қауіпті табиғи құбылыстардың туындау ықтималдығын айқындау туралы ақпарат, оларды болғызбау және жою жөнінде іс-шаралар жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, авариялар мен қауіпті табиғат құбылыстарының туындау тәуекелдеріне байланысты қоршаған ортаға ықтимал елеулі жағымсыз әсер етуді сипаттау;

9) объектіні салу және пайдалану кезеңдері үшін көзделетін, белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға анықталған елеулі әсер етуін болғызбау, қысқарту, жеңілдету жөніндегі шараларды, оның ішінде қалдықтарды басқару бойынша ұсынылатын іс-шараларды, сондай-ақ ықтимал елеулі әсерді бағалауда беймәлімділік болған кезде, әсер етудің мониторингі (оған қоса белгіленіп отырған қызметті іске асырғаннан кейін іс жүзінде әсер етуге ықтимал әсер ету туралы есепте келтірілген ақпаратпен салыстырып жобадан кейінгі талдау жүргізу қажеттігі) бойынша ұсынылатын шараларды сипаттау;

10) қоршаған ортаға ықтимал қайтымсыз әсерді бағалау және осындай әсер етуге алып келетін операцияларды орындау қажеттігін негіздеу, оның ішінде қайтымсыз әсер етуден болатын ысыраптар мен осы ысыраптарды тудыратын операциялардан түсетін пайданы экологиялық, мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда салыстырып талдау;

11) белгіленіп отырған қызмет тоқтатылатын жағдайда оны жүзеге асырудың бастапқы сатысында айқындалған қоршаған ортаны қалпына келтіру тәсілдері мен шаралары;

12) қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындыда көрсетілген өзге де талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды сипаттау;

13) зерттеулердің әдіснамасын сипаттау және ықтимал әсер ету туралы есепті жасау кезінде пайдаланылған экологиялық ақпарат көздері туралы мәліметтер;

14) зерттеулер жүргізу кезінде туындаған және техникалық мүмкіндіктердің болмауына және заманауи ғылыми білімнің жеткіліксіз деңгейіне байланысты қиындықтарды сипаттау;

15) мүдделі жұртшылықтың қоршаған ортаға әсерді бағалауға қатысуына байланысты оған хабарлау мақсатында осы тармақтың 1) - 12) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қорыта отырып, қысқаша техникалық емес түйіндеме қамтылуға тиіс.

5. Ықтимал әсер ету туралы есепте қамтылған мәліметтер ақпараттың сапасы жөніндегі талаптарға сәйкес болуға, оның ішінде анық, дәл, толық және өзекті болуға тиіс. Ықтимал әсер ету туралы есептерде қамтылған ақпарат, осы баптың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.

6. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылуға тиіс. Бастамашы көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсерді бағалау процесін тоқтатады, бастамашыға ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қайтарады және оған белгіленіп отырған қызмет туралы жаңа өтініш беру қажеттігі туралы хабарлайды.

7. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының бастамашысы немесе бастамашымен шарт бойынша әрекет ететін құрастырушысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға:

1) ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының сапасына бағалау жүргізу және мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын, қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерін және осы Кодекстің 73-бабының 19-тармағында көзделген жағдайда сараптама комиссиясының хаттамасын ескере отырып, оны пысықтау қажеттігін айқындау мақсатында осы есептің жобасын;

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізу орындары, күндері мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хатты немесе осы Кодекстің 73-бабына сәйкес өткізілген тиісті қоғамдық тыңдаулардың қол қойылған хаттамасын;

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3) есепте коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған кезде осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Есепте коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған кезде ықтимал әсер ету туралы есептің бастамашысы немесе бастамашымен шарт бойынша әрекет ететін құрастырушысы осы баптың 7-тармағына сәйкес оның сапасын бағалау мақсаты үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе осы Кодекстің 73-бабына сәйкес қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру мақсаты үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына ұсынылатын ықтимал әсер ету туралы есептің жобасымен бірге:

1) ықтимал әсер ету туралы есептің жобасында жария етілуге жатпайтын нақты ақпаратқа нұсқау және көрсетілген ақпараттың қандай заңмен қорғалатын құпияға жататынын түсіндіру берілуге тиіс өтінішті;

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының тиісті ақпарат алып тасталуға және «Құпия ақпарат» мәтініне ауыстырылуға тиіс екінші көшірмесін ұсынады.

Бұл ретте жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында тиісінше қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары жұртшылықтың осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ықтимал әсер ету туралы есептің көшірмесіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.

Ықтимал әсер ету туралы есепте көрсетілген қоршаған ортаға эмиссиялардың, физикалық әсер етудің сандық және сапалық көрсеткіштері туралы, сондай-ақ түзілетін, жинақталатын және көмілуге тиіс қалдықтар туралы ақпарат коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия деп танылмауға тиіс.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары бастамашы көрсеткен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдар ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) жібереді.

Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган ықтимал əсер ету туралы есептің жобасын жіберген күннен бастап алты жұмыс күнін құрайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың екінші жəне үшінші бөліктерінде белгіленген мерзім шегінде мүдделі мемлекеттік органдардан алынған жазбаша нысандағы (қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі) ескертпелер мен ұсыныстарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында осы Кодекстің 76-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындымен бірге орналастырылатын жиынтық кестеге енгізеді.

 

73-бап. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бастамашы ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оның сапасына бағалау жүргізуді бастағанға дейін немесе жүргізу процесінде қоғамдық тыңдауларға шығаруға тиіс. Қоғамдық тыңдаулар осы бапқа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары) сәйкес өткізіледі.

Қоғамдық тыңдаулар ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының сапасына бағалау жүргізу процесі басталғанға дейін аяқталған жағдайда, мұндай жоба қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

Əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай мен соғыс жағдайы енгізілген кезде хаттаманың қолданылу мерзімі көрсетілген оқиғалар болатын кезеңге тоқтатыла тұрады.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру мақсатында:

1) қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен қоғамдық тыңдауларды өткізу орнын, күні мен уақытын келіседі;

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне орналастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және ресми интернет-ресурстарда орналастыру үшін тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына:

ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын;

есепте коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған кезде осы Кодекстің 72-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізу орындарын, күндері мен басталу уақытын көрсете отырып, қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жібереді.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурстарында ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландырумен бірге орналастырады.

Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған күнінен бастап - кемінде күнтізбелік отыз күн, теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызмет түрлері бойынша кемінде он бес жұмыс күні танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында таратылатын, қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан кемінде бір газетте және кемінде бір теле- немесе радиоарна арқылы қазақ және орыс тілдерінде таратуды ұйымдастыруға міндетті.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру қоғамдық тыңдауларды өткізу басталар күнге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдермен таратылуға тиіс. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің басталу күні осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен ерте болмай тағайындалуға тиіс.

Бастамашы жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының өкілімен келіскеннен кейін қоғамдық тыңдауларды өткізу орнын жəне (немесе) уақытын өзгерткен жағдайда, мұндай өзгерістер туралы хабарламаны бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу басталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде жəне тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1) қоғамдық тыңдаулардың нысанасы;

2) қоғамдық тыңдаулар өткізудің орны, күні және басталу уақыты;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсының ықтимал әсер ету туралы есептің жобасымен, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмесімен танысуға болатын парақшасына сілтеме;

4) белгіленіп отырған қызмет бастамашысының деректемелері мен байланыс деректері;

5) белгіленіп отырған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ белгіленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болатын электрондық мекенжай мен телефон нөмірі;

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) мүдделі жұртшылық ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) жібере алатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы.

5. Бастамашы жұртшылыққа оның сұратуы бойынша белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің, осы Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес дайындалған хаттаманың, белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындының (ол жүргізілген жағдайда), қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындының және ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының көшірмелерін ұсынуға (электрондық нысанда) міндетті.

6. Қоғамдық тыңдауларды өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тарату, мұндай тыңдаулар өткізілетін орынды қамтамасыз ету, қажетті аппаратура мен материалдарды беру жөніндегі шығыстарды бастамашы көтереді.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдауларды өткізу басталар күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) жіберуге не қоғамдық тыңдауларды өткізу бары сында өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын айтуға құқылы.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы (қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі) ескертпелер мен ұсыныстарды жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсер ету туралы есептің жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелер мен ұсыныстардың мәні нақты тұжырымдалмаған және оны ашпайтын немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде зерделенуге жататын мәселелерге анық қатысы жоқ ескертпелері мен ұсыныстары ескерілмейді.

Əлеуметтік, тұрмыстық, мəдени, жеке жəне өзге де сипаттағы ескертулер мен ұсыныстар, олардың белгіленіп отырған немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоршаған ортаға əсерімен байланысы негізделген жағдайда, есепке алынуға жатады.

9. Қоғамдық тыңдаулар оларға қатысуға ниет білдірген кез келген адамдар үшін олардың тұратын жеріне қарамастан, ашық болып табылады. Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесінде оларға қатысушы кез келген адам қоғамдық тыңдауларды өткізудің белгіленген регламентіне сәйкес ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын білдіруге құқылы.

10. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің, оның ішінде регламентті бекітудің, хаттаманы ресімдеудің, хаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берудің және хаттаманы жұртшылықтың назарына жеткізудің тәртібі қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында белгіленеді.

11. Қоғамдық тыңдаулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы өкілінің төрағалық етуімен өткізіледі.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулардың бүкіл барысының бейне- және аудиожазылуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық тыңдаулардың бейне- және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қоса тігілуге тиіс.

12. Қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

13. Қоғамдық тыңдаулар аяқталғаннан кейін қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша хаттама ресімделеді, оған міндетті түрде мыналар:

1) қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастаған ескертпелер мен ұсыныстарды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы баптың 7-тармағына сәйкес жазбаша нысанда ұсынылған немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында айтылған барлық ескертпесі мен ұсынысы;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес хаттамаға енгізілген әрбір ескерту және ұсыныс бойынша бастамашының жауаптары мен түсініктемелері;

3) хаттамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығы туралы ақпарат енгізіледі.

14. Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын ресімдейді және онда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапты болады. Хаттамаға қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қояды.

15. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, қол қойылған хаттаманы ресми интернет-ресурста орналастырады.

16. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қойылғаннан кейін:

1) хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған ескертпелері мен ұсыныстары болмаған кезде, қоғамдық тыңдаулардың төрағасы екі жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 76-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау үшін қол қойылған хаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;

2) хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған ескертпелері мен ұсыныстары болған кезде, бастамашы ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын осындай ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес пысықтауды қамтамасыз етеді және ықтимал әсер ету туралы есептің пысықталған жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.