2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 17-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайтадан берілген кезде мынадай:
1) егер қайтадан берілетін ықтимал әсер ету туралы есептің жобасында қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, белгіленіп отырған қызметке осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында көзделген елеулі өзгерістер қамтылған;
2) егер бұрын өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында осындай қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары болған;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қоюдың осы баптың 14-тармағында белгіленген мерзімінің бұзылуын қоспағанда, бұл ретте мұндай бұзушылық хаттамада көрсетілген мəліметтердің толықтығы мен анықтығына əсер етпесе, қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қайтадан қоғамдық тыңдаулар өткізу талап етілмейді.
Қайталама қоғамдық тыңдау осы баптың 1 - 15 және 18-тармақтарына сәйкес өткізіледі.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 18-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес пысықталған бөлігінде, сондай-ақ ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына енгізілген және қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, белгіленіп отырған қызметке осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында көзделген елеулі өзгерістер бөлігінде қаралады. Егер ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген қандай да бір ескертпе мен ұсыныс ескерілмесе, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде бастамашының ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын осы бөлікте пысықтаудан бас тартуының себептері де қаралады.
Қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде оларға қатысушы кез келген адам осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу кезінде қаралуға жататын мәселелер шегінде өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын айтуға құқылы. Көрсетілген мәселелерге қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу кезінде ескерілуге жатпайды.
Егер алдыңғы қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде осы баптың 14-тармағында көзделген мерзімнің бұзылуын қоспағанда, Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілсе, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы толық көлемде қаралады.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Бастамашы мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында авторлары алып тастамаған ескертпелерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, бастамашының тиісті пікірі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға сараптама комиссиясының отырысын өткізуге арналған өтінішпен бірге жіберілетін қайталама қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізіледі, содан кейін даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктер осы Кодекстің 74-бабына сәйкес шешіледі.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 73-бабының 19-тармағында көрсетілген жағдайда сараптама комиссиясының отырысын өткізуге арналған өтінішті және қайталама қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы өкілінің төрағалық етуімен сараптама комиссиясын құрады;
2) сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсер ету туралы есептің пысықталған жобасының және бастапқы және қайтадан қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмесін жібереді;
3) сараптама комиссиясының отырысын өткізу күнін тағайындайды.
Сараптама комиссиясын қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдарға шақыру жібереді. Сараптама комиссиясының түпкілікті құрамына сараптама комиссиясының жұмысына қатысуға өзінің ниетін жазбаша растаған аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан бір-бір өкілден енгізіледі.
2. Сараптама комиссиялары ықтимал әсер ету туралы есептің әрбір жеке жобасын қарау үшін шақырылатын, алқалы, консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
3. Сараптама комиссиялары осы Кодекске және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес жұмыс істейді.
1) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының өкілінің атынан сараптама комиссиясының төрағасы;
2) әрбір мүдделі мемлекеттік органнан бір-бір өкіл;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бір өкілі;
4) сараптамалық комиссияның жұмысына қатысуға ниет білдірген аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың өкілі сараптама комиссиясының мүшелері болып табылады.
5. Бастамашы, сараптама комиссиясының мүшелері сараптама комиссиясының отырысына сараптама қоғамдастығы өкілдерінің (ғылыми жұмыскерлер, танылған практик-мамандар) қатарынан сараптама комиссиясының қарауына жататын мәселелер бойынша тиісті кәсіптік білімі мен практикалық тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшыларды шақыруға құқылы. Сараптама комиссиясының отырысына шақырылған тәуелсіз сарапшылар сараптама комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өздерінің кәсіптік білімі мен практикалық тәжірибесі шеңберінде өзінің тәуелсіз пікірін ұсынады және олардың сараптама комиссиясының дауыс беруіне қатысуға құқығы жоқ.
6. Сараптама комиссиясының отырысы сараптама комиссиясының мүшелеріне ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының және қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмелері жіберілгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
7. Сараптама комиссиясының мүшелері ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының және қоғамдық тыңдаулар хаттамаларының көшірмелерін алғаннан кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сараптама комиссиясының барлық мүшесі төрағаға сараптама комиссиясының қарауына шығарылған даулы мәселелер бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.
8. Сараптама комиссиясының төрағасы бастамашыны сараптама комиссиясы отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар етеді және оған отырыс басталар күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын береді.
9. Сараптама комиссиясының отырысы қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының бастамашысы мен құрастырушысының қатысуымен өткізіледі.
10. Сараптама комиссиясының отырысы барысында:
1) ықтимал әсер ету туралы есептің бастамашысы және құрастырушысы:
белгіленіп отырған қызметке;
оның қоршаған ортаға күтілетін елеулі әсер етуіне және осындай әсер етуді болғызбау, қысқарту және (немесе) жеңілдету бойынша қажетті шараларға;
ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қоғамдық тыңдаулар шеңберінде алынған ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес пысықтау үшін қабылданған шараларға;
ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қоғамдық тыңдаулар барысында ұсынылған, ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде ескерілген ұсыныстар мен ескертпелерге;
қоғамдық тыңдаулар барысында ұсынылған, бірақ ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде ескерілмеген даулы ескертпелер мен ұсыныстарға және осындай ескертпелер мен ұсыныстардың ескерілмеу себептеріне қатысты баяндама жасайды;
2) сараптама комиссиясының мүшелері, ықтимал әсер ету туралы есептің бастамашысы мен құрастырушысы сараптама комиссиясының қарауына шығарылған даулы мәселелер бойынша талқылау жүргізеді, шақырылған тәуелсіз сарапшылардың пікірін тыңдайды;
3) сараптама комиссиясы белгіленіп отырған қызметке және оның қоршаған ортаға ықтимал әсер етуіне байланысты даулы мәселелер бойынша және осыған байланысты ықтимал әсер ету туралы есеп жобасын пысықтаудың қажет немесе қажет емес екені туралы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.
11. Сараптама комиссиясының шешімдері сараптама комиссиясының барлық мүшесінің кемінде үштен екісімен қабылданады және сараптама комиссиясы отырысының хаттамасында тіркеледі.
Сараптама комиссиясының шешімін қабылдауға қарсы дауыс берген сараптама комиссиясының мүшелері даулы мәселе бойынша ерекше пікір жасауға құқылы, ол сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына қоса беріледі.
12. Сараптама комиссиясының отырысы басталған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.
Сараптама комиссиясы отырысының нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы жасалады, онда сараптама комиссиясы мүшелерінің, есептің бастамашысы мен құрастырушысының отырыс кезінде айтылған барлық ескертпесі мен ұсынысы, шақырылған тәуелсіз сарапшылардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімдер көрсетіледі. Хаттамаға сараптама комиссиясының төрағасы мен отырысқа қатысқан барлық мүшесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қол қояды.
13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптама комиссиясы отырысының хаттамасын ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бойынша қорытынды дайындау процесінде қарайды.
14. Сараптама комиссиясы ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастамашыға есептің жобасын пысықтауға жібереді, содан кейін осы Кодекстің 73-бабының ережелері қайтадан қолданылады.
15. Сараптама комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ жариялылығына осы Кодексте кепілдік берілетін экологиялық ақпаратты қоспағанда, сараптама комиссиясының жұмысы шеңберінде өздері алған, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
75-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында жүргізілетін трансшекаралық әсерді бағалау
1. Осы Кодекстің 80-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде, қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында трансшекаралық әсерге бағалау жүргізіледі.
2. Трансшекаралық әсерді бағалау осы тараудың 4-параграфына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.
76-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына ескертпелер болған кезде қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап он жеті жұмыс күні ішінде осындай ескертпелерді бастамашыға жібереді.
Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаға əсерді бағалауды жүргізуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ықтимал əсер ету туралы есептің жобасына ескертулерді бастамашы ескертулер жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бастамашыға белгіленіп отырған қызметті іске асыруға жол берілетіні немесе жол берілмейтіні туралы тұжырыммен қоса, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны береді.
Егер қоғамдық тыңдаулардың қол қойылған хаттамасы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ескертпелерді жою мерзімі өткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылмаса, белгіленіп отырған қызметті іске асыруға жол берілмейтіні туралы тұжырым мен қоса, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беріледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытындысы ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының осы Кодекске сәйкес ықтимал пысықталуы ескеріле отырып, осы жобаға, жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстары жоқ екені белгіленген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына, сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына (ол болған кезде), ал трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу қажет болған жағдайда - осындай бағалаудың нәтижелеріне негізделуге тиіс.
Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаға əсерді бағалауды жүргізуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда мынадай ақпарат:
1) белгіленіп отырған қызмет шеңберінде көзделген операциялардың түрлерін сипаттау және оларды жүзеге асыру орны;
белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсер ету;
қорытындыда көрсетілген шарттар сақталған кезде белгіленіп отырған қызметті іске асыруға жол беруге болатыны туралы тұжырым;
3) белгіленіп отырған қызметтің іске асырылуына жол беруге болады деп танылатын шарттар, оның ішінде:
белгіленіп отырған қызметтің объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану, кейіннен кәдеге жарату және салдарларын жою кезеңдерін қоса алғанда, белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезінде сақталуы бастамашы үшін міндетті болып табылатын қоршаған ортаны, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын қорғау шарттары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар белгіленіп отырған қызметке байланысты шешімдер қабылдау кезінде ескеруге тиіс адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын, қоршаған ортаны қорғаудың осындай шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар туралы ақпарат;
табиғи ортаға эмиссиялардың, физикалық әсер етудің шекті сандық және сапалық көрсеткіштері;
қалдықтардың түрлері бойынша жинақталуының шекті саны;
егер белгіленіп отырған қызметті іске асыру шеңберінде қалдықтарды көму көзделген болса, қалдықтарды олардың түрлері бойынша көмудің шекті саны;
ықтимал әсер ету туралы есепте жобадан кейінгі талдау жүргізу қажеттігі белгіленген жағдайда: оны жүргізудің мақсаттары, ауқымдары мен мерзімдері, оның мазмұнына қойылатын талаптар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдарға жобадан кейінгі талдау туралы есептерді ұсыну мерзімдері;
авариялардың алдын алуға, олардың салдарларын шектеуге және жоюға бағытталған шарттар мен қажетті шаралар;
бастамашының белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін болғызбау, азайту және (немесе) жеңілдету, сондай-ақ, егер белгіленіп отырған қызмет экологиялық залалдың себебі болса, осындай зардаптың ықтималдығын жою жөніндегі міндеттерін;
4) трансшекаралық әсерді бағалау (ол жүргізілген жағдайда) нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға:
1) қорытынды шығаруға негіз болған негізді аргументтер мен тұжырымдар;
2) қоғамдық тыңдауларды өткізу (қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тарату, жұртшылыққа қоғамдық тыңдауларды өткізу процесі туралы ақпарат пен құжаттар беру), жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын қарау туралы және қарау нәтижесінде алынған тұжырымдар туралы ақпарат;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар, қоғамдық тыңдаулар өткізу және трансшекаралық әсерді бағалау (ол жүргізілген жағдайда), сараптама комиссиясының ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қарау нәтижесінде алынған ақпаратты көрсетілген ақпараттың қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару кезінде қалай ескерілгені туралы түсіндіре отырып, қорыту қамтылған негіздеме қоса беріледі.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде:
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ескертпелері мен ұсыныстары бар жиынтық кестені ресми интернет-ресурста орналастырады;
2) 2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді, олар қорытындыны алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, қорытындыны интернет-ресурстарда орналастырады.
5. Барлық мемлекеттік орган тиісті белгіленіп отырған қызметті іске асыруға байланысты рұқсаттар беру, хабарламалар қабылдау және өзге де әкімшілік рәсімдер кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда қамтылған тұжырымдар мен шарттарды міндетті түрде ескереді.
6. Белгіленіп отырған қызметті іске асыру үшін әзірленетін жобалық құжаттарда осы Кодексте айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасының экология заңнамасының сақталуын және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда қамтылған тұжырымдар мен шарттарға сәйкестікті қамтамасыз ететін ең үздік қолжетімді техникалар қолдануды қоса алғанда, техникалық-технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және өзге де жобалық шешімдер көзделуге тиіс.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды мерзімсіз қолданылады.
Егер қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде бастамашы немесе оның құқықтық мирасқоры тиісті белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу болжанатын қызмет үшін осындай жұмыстарды орындауға кіріспесе, онда қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша осындай қорытынды көрсетілген мерзім өткеннен кейін күші жойылды деп есептеледі.
77-бап. Ықтимал әсер ету туралы есептің мазмұны үшін жауаптылық
1. Ықтимал әсер ету туралы есепті құрастырушы ықтимал әсер ету туралы есептің және құрастырушы алған, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізудің өзге де нәтижелерінің сапасы үшін бастамашының алдында олардың арасында жасалған шартқа сәйкес азаматтық-құқықтық жауапты болады.
2. Ықтимал әсер ету туралы есепті құрастырушы, бастамашы қоршаған ортаға әсер ету туралы алынған мәліметтерді жасырғаны және қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу кезінде анық емес мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
78-бап. Белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезінде іс жүзіндегі әсер етуді жобадан кейінгі талдау
1. Ықтимал әсер ету туралы есепті құрастырушы іске асырылған белгіленіп отырған қызметтің ықтимал әсер ету туралы есепке және қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыға сәйкестігін растау мақсатында белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезінде іс жүзіндегі әсер етуіне жобадан кейінгі талдау (бұдан әрі - жобадан кейінгі талдау) жүргізеді.
Жобадан кейінгі талдау қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін тиісті объектіні пайдалану басталғаннан кейін кемінде он екі айдан кейін басталуға және кемінде он сегіз айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Жобадан кейінгі талдаудың жүргізілуін тиісті объектінің операторы өз есебінен қамтамасыз етеді.
2. Ықтимал әсер ету туралы есепті құрастырушы осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, жобадан кейінгі талдаудың нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оған қол қояды, онда іске асырылған белгіленіп отырған қызметтің ықтимал әсер ету туралы есепке және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырым жасалады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыда осындай сәйкессіздіктердің егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі.
Құрастырушы жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қол қойылған қорытындыны тиісті объектінің операторына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурста орналастырады.
3. Жобадан кейінгі талдау жүргізу тәртібін және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды және бекітеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды алуы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
4. Құрастырушы жобадан кейінгі талдау жүргізу кезінде алынған мәліметтерді жасырғаны үшін және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыда анық емес мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
79-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуді әдістемелік қамтамасыз ету
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың талаптарын сақтауына өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асырады.
4-параграф. Трансшекаралық әсерді бағалау
80-бап. Трансшекаралық әсер етуге бағалау жүргізу негіздері