«Қазақстан Республикасының Экология Кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі (2026.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2) анықтамалықтарды, бюллетеньдерді, анықтама - консультацияларды қамтитын жалпы мақсаттағы гидрологиялық ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осындай ақпаратпен белгіленген тəртіппен қамтамасыз ету;

3) гидрологиялық мониторинг нəтижелерінің негізінде «Жерүсті сулары» бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу үшін деректер дайындау;

4) белгіленген тəртіппен халықаралық алмасу үшін гидрологиялық ақпарат беру.

4. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы жалпымемлекеттік жəне халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер:

1) осы тармақтың 2) - 8) тармақшаларында көзделген қоршаған ортаны қорғау объектілерінің ластану жай-күйін байқау, ол туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау, бюллетеньдер мен анықтамалық ақпаратты қамтитын қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы жалпы мақсаттағы ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осындай ақпаратпен белгіленген тəртіппен қамтамасыз ету;

2) атмосфералық ауаның ластану мониторингі - қоныстану аумақтарындағы атмосфералық ауаның жай-күйін байқау жүйесі;

3) атмосфералық жауын-шашынның ластану мониторингі - қоныстану аумақтарындағы атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысының химиялық құрамын байқау жүйесі;

4) судың ластану мониторингі - жағалау маңы аймақтарындағы жерүсті суларының ластануын байқау жүйесі;

5) топырақтың ластану мониторингі - қоныстану аумақтарының топырақтарындағы ластағыш заттардың концентрациясын байқау жүйесі;

6) радиациялық мониторинг - қоныстану аумақтарындағы техногендік жəне табиғи радиоактивті ластануды байқау жүйесі;

7) трансшекаралық ластану мониторингі - шекара маңындағы мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын, трансшекаралық жерүсті сулары мен трансшекаралық өзендердің жағалау маңындағы топырақтың ластануын байқау жүйесі;

8) фондық мониторинг - қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының арнаулы желісін пайдалана отырып, атмосфера мен басқа ортаның биосферамен өзара əрекеттесуінің жай-күйін байқау жүйесі;

9) белгіленген тəртіппен халықаралық алмасу үшін қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат беру.

 

167-бап. Мемлекеттік байқау желісі

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік байқау желісі - бұл Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шаруашылық жүргізуіндегі, қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді бақылауға, оның метеорологиялық, гидрологиялық сипаттамаларын және қоршаған ортаның ластану жай-күйін айқындауға арналған өзара байланысты стационарлық және жылжымалы байқау пункттерінің жүйесі.

Анық ақпарат алу мақсатында мемлекеттік байқау желісінің стационарлық байқау пункттерінің айналасында күзет аймақтары құрылады.

Күзет аймақтарының шекараларын анықтау мен белгілеу тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Стационарлық байқау пункттері және мемлекеттік байқау желісі атмосферасының ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ережеге сәйкес айқындалады.

Күзет аймақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітетін мемлекеттік байқау желісінің стационарлық байқау пункттері мен атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункттерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларына сəйкес айқындалады.

2. Мемлекеттік байқау желісінің стационарлық байқау пункттеріне жүріп өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.

3. Мемлекеттік байқау желісінің реперлік (тірек) стационарлық байқау пункттерінің жер учаскелері алып қоюға жатпайды. Стационарлық байқау пункттерінің жер учаскелері айрықша жағдайларда ғана мемлекет мұқтажы үшін алып қойылуы мүмкін, бұл ретте көшіру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Ұлттық гидрометеорологиялық қызметпен келісу бойынша, осындай көшіруге бастамашы болған тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Климат өзгеруінің көпжылдық үрдістеріне, агрометеорологиялық сипаттамаларға, құрлықтың су объектілерінің, теңіздің гидрологиялық жай-күйіне, климаттық жағдайлардың және шаруашылық қызметтің өзгеруі ықпалынан болатын геофизикалық процестерге зерделеу жүргізуге мүмкіндік беретін байқау пункті мемлекеттік байқау желісінің реперлік байқау пункті болып табылады.

5. Мемлекеттік байқау желісі атмосферасы ластануының жай-күйін байқау пункттерінің саны халықтың санына, жергілікті жер бедеріне, нақты ластану деңгейіне қарай айқындалады.

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік байқау желісінің жаңадан ашылатын немесе көшірілуге жататын стационарлық байқау пункттерінің және атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункттерінің орналасқан жерін (дислокациясын) айқындау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және жергілікті атқарушы органдармен, жер пайдаланушылармен немесе жер учаскелерінің меншік иелерімен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі.

Мемлекеттік байқау желісінің стационарлық қадағалау пункттері мен атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункттерінің қызметін тоқтату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылау желісінің қызметін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік байқау желісі, оның ішінде оған бөлінген жер учаскелері мен акваториялардың бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады, мемлекеттің қорғауында болады және жекешелендіруге жатпайды.

 

168-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

 

169-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру шарттары

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Метеорологиялық, гидрологиялық ақпараттың жəне қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың тізбесі жəне оларды беру тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларында айқындалады.

Метеорологиялық, гидрологиялық ақпараттың жəне қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың құрамына, мазмұнына жəне жариялануына қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілейді.

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсету шеңберінде Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.

3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік байқау желісін пайдаланып байқау нәтижесінде алынған деректерді қолдана отырып, мемлекеттік органдарға өзге де қызметтер көрсетуге құқылы.

 

 

10-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЛАРЫ

 

170-бап. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрін біріктіретін салааралық цифрлық жүйе ретінде құрылады және жүргізіледі.

2. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығын білдіреді және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыс істейді.

3. Қоршаған ортаның өзара әрекеттестіктегі жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі сияқты құрамдас бөліктері Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің объектілері болып табылады.

2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректері негізінде ұйымдастырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Бірыңғай кадастрлар жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.

Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

5. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының жүйелерінде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектіге арналған оның жай-күйі туралы құжаттық мәліметтер цифрлық түрде қамтылады.

6. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен беру технологиясының бірлігі;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) автоматтандырылған цифрлық технологияларды қолдану;

3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі;

4) Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараттан басқа кадастрлардың бірыңғай жүйесінде қамтылған ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігі.

 

171-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны

Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

1) мемлекеттік жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша - қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар - тұтас республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары - өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

3) мемлекеттік орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

4) жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша - жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құзыреттері шегінде - тұтас республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды  (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша - өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган - тұтас республика бойынша, ал өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады. 

 

172-бап. Ақпарат беру

1. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар табиғи ресурстар кадастрларын жүргізу шеңберінде алынған объектілерді есепке алу мен тіркеу нәтижелерін Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесіне өтеусіз береді.

2. Кадастрлардың бірыңғай жүйесіне енгізілген объект туралы деректерде мыналар қамтылуға тиіс:

1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объектінің паспорты және статистикалық ақпарат;

2) объектінің кеңістіктегі жағдайы туралы картографиялық материал және аумақты кешенді бағалауға қажетті басқа да деректер.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кадастрларда қамтылатын ақпаратқа табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

11-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ


12-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

 

173-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын І, ІІ, ІІІ жəне IV санаттағы объектілер операторларының сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі мемлекеттік экологиялық бақылау болып табылады.

2. Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай:

1) қоршаған ортаны қорғау саласында осы Кодекстің ережелерінің сақталуы;

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) біліктілік талаптарының жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ хабарлама жасау тəртібі белгіленген қызметті жүзеге асыру қағидаларының сақталуы;

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген экологиялық талаптардың сақталуы бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

4) - 7) 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3. I жəне II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау осы Кодекске сəйкес жүзеге асырылады.

III жəне IV санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

 

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 174-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

174-бап. I жəне II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылаудың нысандары

1. I жəне II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау;

2) тексерулер;

3) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен бақылау.

2. I жəне II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу жəне (немесе) мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы əкімшілік рəсімді жүзеге асырудың барысы мен нəтижелерін тіркеп-белгілейтін əкімшілік істер бойынша шешімдер қабылдау тəртібі осы Кодекстің ережелерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамасының нормаларында олқылықтар немесе осы Кодекстің ережелеріне қайшылықтар анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.

3. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау жергілікті жерге бармай, спутниктік деректерді, фото- жəне бейнематериалдарды, онлайн-платформаларды мониторингтеу нəтижелерін, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарын зерделеу, бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, уəкілетті мемлекеттік органдардың мəліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мəліметтерді жəне бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мəліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылаудың мақсаттары - Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру.

4. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бақылау органы жеке жəне заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарын сақтауы бойынша жүргізетін кешенді тексерулер;

2) нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мəн-жайлар бойынша бақылау органы тағайындайтын жоспардан тыс тексерулер.

Тексерулер жүргізудің мақсаттары - қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін қатерді анықтау жəне (немесе) жою.

5. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган əзірлеп, бекітетін, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына сəйкес, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерінен алынатын қоршаған ортаға эмиссиялардың саны, концентрациясы жəне жүзеге асырылу уақыты туралы деректерді «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне нақты уақыт режимінде үздіксіз тіркеп-белгілеу жəне беру негізінде жүргізіледі.

 

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 174-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

174-1-бап. І жəне II санаттағы объектілер операторларына қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау жүргізу тəртібі

1. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау осы Кодекске сəйкес мынадай шарттар бір мезгілде сақтала отырып жүзеге асырылады:

1) бақылау органдарының бақылау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу жəне бақылау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

3) бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын болмашы жəне елеулі бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады;

4) бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылау нəтижелері туралы акт жасалады жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілгенінен кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеру тағайындалады, оған бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері туралы акт негіз болады;

5) бақылау субъектілерін (объектілерін) қашықтан бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды.

2. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері туралы акт немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бұзушылық (бұзушылықтар) анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесі арқылы бақылау субъектісіне жіберіледі.

3. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері туралы акт немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда да:

1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) пошта не курьерлік пошта байланысы арқылы - табыс етілгені туралы хабардар етілген күннен бастап;

3) электрондық тəсілмен - бақылау органының сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына, сондай-ақ интернет-ресурстарға жөнелтілген күннен бастап бақылау субъектісіне табыс етілді деп есептеледі.

4. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері туралы актіде жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі мұндай актіні жəне (немесе) нұсқаманы алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері туралы актіге жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қарсылық ұсынуға құқылы.

Бақылау субъектісі қарсылықта бақылау органына жіберілетін ескертулерді жəне (немесе) дəлелдерді жазуға міндетті.

Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органы қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді жəне (немесе) дəлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау туралы немесе уəжді негіздемемен қарсылықты қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органының қарсылықты қабылдаудан бас тарту туралы шешімі жоғары тұрған уəкілетті органға, лауазымды адамға қашықтан бақылау нəтижелеріне шағым жасауға негіз болады.

5. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтармен келіскен жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

6. Анықталған бұзушылықтарды нұсқамада көрсетілген мерзімде жоймау осы Кодекске сəйкес бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болады.

7. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нəтижелері «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде есепке алынады.

«Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылауды есепке алуды жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган əзірлеп, бекітеді.

 

2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 174-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

174-2-бап. Тексерулерді жүргізу тəртібі

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде орналастырылатын тексеру парақтарын бекітеді.

Тексеру парағы бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметіне қойылатын міндетті талаптардың тізбесін қамтиды, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келеді.

Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге жатады.

Тексеру парағына енгізілетін талаптар бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сəйкес келуге тиіс:

1) экономикалық қауіпсіздікті, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкін қорғауға, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей (тура) əсер ететін қызметпен (процеспен, əрекетпен) байланысты болу;