«Қазақстан Республикасының Экология Кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Өсімдіктердің (оның ішінде, гербарийлік коллекциялар), жануарлардың және генетикалық банктерді, ДНҚ мен РНҚ коллекцияларын қоса алғанда, микроорганизмдердің генетикалық коллекциялары олардың сақталуын, қол жеткізу мен пайдаланудың белгіленген режимін қамтамасыз ететін жағдайларда ұсталуға тиіс.

Ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген коллекцияларға қол жеткізу және оларды пайдалану тәртібін, шарттарын ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану тәртібін өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Табиғи-ғылыми коллекциялар мен генетикалық ресурстар коллекциялары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде мемлекеттік не жеке меншікте болуы мүмкін.

Меншік нысандарына қарамастан, ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қоспағанда, табиғи-ғылыми коллекциялар және оларды ұстаушылар ғылым саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алуға және тіркеуге жатады.

 

 

19-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫ

 

268-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекаралары

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

269-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру режимін шектеу

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шегінде функционалдық аймақтарға бөлу негізінде қызметке толық тыйым салынған қорық учаскелері бөліп шығарылады және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстың жекелеген түрлерін жүргізуге қосымша уақытша шектеулер енгізіледі.

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорық аймағында мынадай пайдалану режимі белгіленеді:

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) теңізде балықтардың қалыпты уылдырық шашуын және құртшабақтардың ширауын қамтамасыз ету үшін 1 сәуірден бастап 15 шілде аралығындағы кезеңде Жайық пен Еділ өзендері сағасындағы аудандарда Еділ өзенінің жер беті атырауы қазақстандық бөлігінің теңізге қарай сұғына енген нүктесінен және Жайық өзенінің жер беті атырауының теңізге қарай сұғына енген нүктесінен 50 километр радиуста, сондай-ақ 1994 жылы 1 қаңтардағы жағалау сызығынан ені 15 километр белдеуде жоғарыда аталған атыраулар бойындағы кеңістік шекараларының арасында және одан әрі шығысқа қарай Жем өзеніне дейін құрылыс және геофизикалық жұмыстар жүргізуге, ұңғымаларды сынауға және кеме қатынасына тыйым салынады. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша балық аулауды және оны тасуды, навигациялық жағдай құралдарын қоюды, ауыстыруды, алуды және тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын кемелердің қатынасына жол беріледі;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кезеңде мұнай өндіру процесі жабдықтармен, химиялық реагенттермен, жанар-жағармай және басқа материалдармен, азық-түлікпен дербес қамтамасыз етуге көшірілуге тиіс. Тыйым салу кезеңі аяқталған соң кейіннен әкету үшін мұнай өндіру процесіндегі қалдықтарды жинақтау мен сақтауды қамтамасыз ететін барлық шаралар қабылдануға тиіс;

3) құстарды ұя салатын жерлерінде (қамыс нуларында, құмдауытты жағалау маңы шығанақтары мен аралдарда) сақтау мақсатында осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кезеңде құрылыс жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ұңғымаларды сынауға тыйым салынады;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа мерзімдерде құрлық - теңіз шекарасындағы қамысты нулардың (табиғи биологиялық сүзгілердің) шегінде жұмыстар жүргізу жылдың маусымы ескеріле отырып, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерімен реттеледі;

5) Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу қазан айынан бастап мамыр айы аралығында олар шоғырланған жерден 1852 метрден (бір теңіз милі) жақын болмайтын қашықтықта жүзеге асырылуға тиіс. Жатақтардың ауысуы ескеріле отырып, итбалықтар шоғырланған жерлерді анықтау үшін барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануға тиіс;

6) құстар мен Каспий итбалығына жағымсыз әсер етуді болғызбау үшін қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарды алдын ала хабардар ете отырып, ғылыми-зерттеу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жағдайларды қоспағанда, олардың анықталған мекендеу және көбею орындарынан бір километрден төмен биіктікте әуе көлігінің ұшып өтуіне тыйым салынады.

3. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы экожүйесінің орнықты болуын қамтамасыз ету үшін теңізде барлау мен өндіруді жобалау кезінде бұрғылау негіздерін салу, ұңғымаларды сынау және кеме қатынасы барынша шектеледі.

 

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 270-бап өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

270-бап. Каспий теңізінің су қорғау аймағы

Каспий теңізінің жағалауы бойынша су қорғау аймағының ені осы Кодекстің 223-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңіздің соңғы он жыл ішіндегі орташа-көпжылдық деңгейі белгісінен екі мың метрге тең, минус 27 метрге тең деп қабылданады.

 

271-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халық су пайдаланатын жерлерде жағалау маңы суын қорғау аудандары

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халық су пайдаланатын жерлерде жағалау маңы суын қорғау аудандарын жергілікті атқарушы органдар нақты және перспективалық су пайдалануды ескере отырып, өз құзыреті шегінде белгілейді. Осындай аудан аумағының теңіз жағындағы ені теңіздің соңғы он жылдағы орташа-көпжылдық деңгейі белгісінен 3,9 километрден кем болмауға тиіс.

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халық су пайдаланатын жерлерде жағалау маңы суын қорғау аудандарының құрамында бөлінетін құрлықтың жағалау маңындағы белдеуі шекараларды айқындау бөлігінде де, қорғау режимі бөлігінде де Каспий теңізінің су қорғау аймағына сәйкес келеді.

 

272-бап. Каспий теңізі деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Каспий теңізі деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының ықпал ету аймағының нақты тіркелген шекарасы болмайды және ол шамамен акваторий шегінде минус 29 метр абсолютті белгіден құрлықтағы минус 26 метрге дейін жетеді.

2. Каспий теңізі деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының ықпал ету аймағы шегінде:

1) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;

2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, техникаға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, жуу орындарын елді мекендер шегінен тыс жерге орналастыруға және салуға, қалдықтарды орналастыру орындарын ұйымдастыру мен жайластыруға, сондай-ақ судың сапасына жағымсыз ықпал ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

3) экологиялық рұқсатсыз құрылыс, түбін тереңдету және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбаларды өндіруге, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникациялар тартуға, бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды орындауға тыйым салынады.

 

273-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру кезінде мынадай экологиялық талаптар сақталуға тиіс:

1) авариялық-құтқару жұмыстарын қоспағанда, топырақты қазып алуға және басқа жерге апаруға байланысты жұмыстарға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін арнайы рұқсат болған кезде жол беріледі;

2) құрылысжайларды салу, монтаждау және бөлшектеу ластағыш заттардың барлық түрін жинауды қамтамасыз ететін технологиялар пайдаланылған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін;

3) құрылыс жұмыстары мен өзге де жұмыстардың кез келген түрін жүргізу кезінде су ішінде және теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау жəне пайдалану және жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;

5) суда жүзетін және су маңында жүретін құстардың ұя салатын жерлерін бұзуға, сондай-ақ бекіре балықтарының уылдырық шашатын жерлерге баруына бөгет жасауға тыйым салынады;

6) су тарту құрылысжайларын балық қорғау құрылғыларымен жарақтандырған кезде ғана теңізден су тартуға жол беріледі;

7) су тарту құрылысжайларында балық қорғау құрылғылары жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғылар орнатылуға тиіс;

8) қалдықтарды теңізге төгуге тыйым салынады;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша төгілетін тазартылған сарқынды сулардың, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйелері суының, мұнайдан тазартылған теңіз суының, балласт сулардың шектеулі тізбесін қоспағанда, сарқынды суларды теңізге төгуге тыйым салынады;

10) бақылау тұстамасының шегінен тыс төгілу нәтижесіндегі судың температурасы соңғы үш жыл ішінде төгу кезеңіндегі судың орташа айлық температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары көтерілмеуге тиіс;

11) көлік маршруттары олардың теңіз сүтқоректілеріне, балықтар мен құстарға ықпалын болғызбайтындай немесе азайтатындай етіп таңдалуға тиіс;

12) арнайы талаптар қолданылатын аймақта жобаларда көзделмеген теміржолдарды, автомобиль жолдарын төсеуге, магистральдық құбыржолдарды тартуға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында және тереңдігі он метрден аспайтын жағалау маңындағы таяз сулы учаскелерде жұмыстарды жүргізу үшін өнімділігі жоғары су түбіндегі топтар мен уылдырық шашатын жерлердің сақталуын қамтамасыз ететін көлік құралдары пайдаланылуға тиіс. Қажет болған жағдайда, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу кезінде топырақ-өсімдік қабатының және сол жердегі биоценоздардың тұтастығын барынша аз дәрежеде бұзатын жалпақ шынжыртабанды, қысымы төмен шиналармен, ауа жастықшаларымен жүретін арнайы көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.

 

274-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген өзге де экологиялық талаптарға қосымша ретінде осы бапта белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2. Келісімшарт аумағы шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымалар табылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы оларды балансқа қабылдауға және олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.

3. Авариялық жағдайдың туындау қатері төнген жағдайларды қоспағанда, ұңғымаларды пайдалану кезінде флюидтерді алау етіп жағуға тыйым салынады.

4. Ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутектерді алау етіп жағу қоршаған ортаға неғұрлым қауіпсіз болып табылатын ең үздік қолжетімді техника қолданыла отырып, барынша азайтылуға тиіс. Тиісті техниканың қолданылуын негіздеу қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушы шыққан түтіннің сейілуіне ықпал ететін қолайлы ауа райы жағдайында ғана осы тармақта көрсетілген ең үздік қолжетімді техниканы қолдана отырып, ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутектерді алау етіп жағуды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте алау қондырғыларының конструкциясы көмірсутектердің толық жануын қамтамасыз етуге тиіс.

5. Ұңғыма құстардың миграция жолдарында орналасқан жағдайда орнитофаунаға залал келтіруді болғызбау үшін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар қабылдануға тиіс.

6. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде атмосфераға шығарындылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, сынақтан өткен қағидаттармен және әдістермен мониторингтеуге және бақылауға жатады.

7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін бекітілген жобалық құжатта айқындалатын қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі операцияларды алдын ала жүргізбей, бұрғылау қалдықтарын жер қойнауына айдауға тыйым салынады.

8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ілеспе газды жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін бекітілген жобалық құжатта көзделген нормалардан асырып, қабаттық қысымды ұстап тұру арқылы мұнай беруді ұлғайтуды қамтамасыз ететіндей жер қойнауына айдауға, сондай-ақ ілеспе газды жобалық көрсеткіштерден асырып қысып айдауға тыйым салынады.

9. Қайталап пайдалануға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен ерітінділерді) залалсыздандыру және сақтау жөніндегі операциялардың барлығы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тыс жерде орналасқан арнайы полигонда жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай арнайы полигон бұрғылау жұмыстары басталған күннен кешіктірілмей пайдалануға берілуге тиіс.

10. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес теңіз объектілері деп танылатын осындай объектілер және оларға қызмет көрсететін кемелер сарқынды суларды тазалауға және зарарсыздандыруға арналған немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнайы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғымен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (уату немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Бекітілген жобалық құжатқа сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды қолдана отырып, медициналық қалдықтар мен тамақ қалдықтарын жағуға жол беріледі.

11. Жер қойнауын пайдаланушының қаржылай қаражаты есебінен мұнай өндіру жөніндегі жұмыстарды бастағанға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында уылдырық шашатын жерлерді қорғау және бағалы кәсіпшілік балықтарын молықтыру, сондай-ақ итбалықтардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді бағдарламалар әзірленуге тиіс.

12. Бұрғылық және тампонаждық сұйықтықтар құрамында бекітілген техникалық жоба құрамында келісілмеген заттар қолданылмауға тиіс.

13. Бұрғылау қондырғыларын иісті газ түтінінің шекті мәндері бойынша Халықаралық теңіз ұйымының талаптарына сай келетін іштен жану қозғалтқыштарымен жасақтау қажет.

14. Энергия қондырғылары іштен жану қозғалтқыштарымен немесе қосарлы отын (дизель отыны - газ) турбиналарымен жасақталуға тиіс.

15. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер етуіне бағалау жүргізу кезінде белгіленіп отырған қызметтің бұрын зерделенген ауданының қазіргі жай-күйін талдау қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы есеп ұсынылғанға дейін кемінде төрт жыл бұрын жүргізілген далалық зерттеулер нәтижелеріне негізделуге тиіс.

16. Каспий теңізінің акваторийі мен жағалау маңы аймақтарының ерекше осал учаскелерінде барлау жүргізуден бас тартуды қоса алғанда, балама нұсқаларды талдау қоршаған ортаға әсер етуді бағалау кезінде міндетті элемент болып табылады.

17. Су қорғау аймағында және теңіздің жағалау маңындағы тереңдігі он метрден аспайтын таяз учаскелерінде ұңғымаларды бұрғылау сыртқы желілерден электржетекті бұрғылау қондырғыларының көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұрғылау дизель отынды және дизель жетекті генератордан бұрғылау қондырғысымен жүргізілетін болса, онда мұндай қондырғылардан атмосфераға тазартылмаған газ түтінінің шығуы барынша азайтылуға тиіс.

18. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнайды және құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдау жүзеге асырылатын әрбір теңіз объектісінде және әрбір кемеде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған ресурстар орналастырылуға тиіс.

 

275-бап. Геофизикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде:

1) сейсмикалық толқындардың жару көздерін және ихтиофауна мен оның мекендеу ортасына зиянды әсер ететін параметрлері бар пневматикалық көздерді пайдалануға;

2) қауіпсіздігі құжатпен немесе тәжірибелік геофизикалық жұмыстар негізінде расталмаған аппаратуралар мен әдістерді қолдануға;

3) сейсмикалық шолу құралдарының үзіліп қалуын және әкетілуін болғызбау үшін оларды теңізде бақылаусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды су түбімен сүйретуге тыйым салынады.

2. Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында қазан айынан бастап мамыр айлары аралығындағы кезеңде сейсмикалық жұмыстар мен өзге де геофизикалық жұмыстарды жүргізу сейсмикалық профильдерді аралдық және мұздақ жатақтарда итбалықтар шоғырланған жерлерден 1852 метрден (бір теңіз милінен) кем емес қашықтыққа бұрып әкетіліп түзетіледі. Жатақтарды жиі ауыстыратынын ескере отырып, итбалықтар көп шоғырланған жерлерді анықтау үшін алдын ала авиациялық айналып ұшу көзделуге тиіс.

3. Сейсмикалық барлау процесінде жұмыс аймақтарынан балықтарды үркіту құралдарын пайдалану көзделуі мүмкін.

 

276-бап. Мұнай-газ құбыржолдарын жобалау және салу кезіндегі экологиялық талаптар

1. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуы ықпал ететін аймақта мұнай-газ құбыржолдарын және оларға ілеспе объектілерді жобалау және салу ауытқудың ең жоғары амплитудасы ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.

2. Мұнай-газ құбыржолдарындағы автоматты бекіту ысырмаларын жобалау мұнай-газ құбыржолдары тұтастығының ықтимал бұзылуына байланысты тәуекелдерді бағалау ескеріле отырып жүргізілуі қажет.

3. Мұнай-газ құбыржолдарын салу кезінде теңіз түбінің барынша аз көлемде бұзылуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен жабдықтар қолданылуға және су ішінде қалқымалы заттардың таралуын оқшаулайтын технологиялар мен әдістер пайдаланылуға тиіс.

4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында мұнай-газ құбыржолдарын жылжымалы мұздардан, кемелер зәкірінен және техногендік сипаттағы басқа да сыртқы әсер етулерден зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін тереңдікте тарту міндетті болып табылады.

5. Мұнай-газ құбыржолдарының бойында құбыржолдың шеткі сызықтарының осінен әрбір жағынан бес жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтықтар арасында орналасқан, су бетінен түбіне дейінгі су кеңістігінің учаскелері түрінде күзет аймақтары белгіленуге тиіс.

6. Мұнай-газ құбыржолдарын гидрологиялық сынау кезінде суды төгу Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шекараларының шегінен тыс жүргізілуге тиіс.

 

277-бап. Жағалаудағы жабдықтау базалары мен жағалаудағы инфрақұрылым объектілеріне арналған экологиялық талаптар

1. Порттар мен айлақтарды қоспағанда, жағалау базаларын, оның ішінде жанар-жағармай материалдары қоймаларын, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станцияларын салу қолда бар инфрақұрылым пайдаланыла отырып, Каспий теңізі жағалауының су қорғау аймағынан тыс жерде жүзеге асырылуға тиіс. Cу қорғау аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген объектілерді салуға және жұмыстарды орындауға жол беріледі.

2. Айлақтар мен жабдықтау базаларының аудандары жабдықтау, техникалық қызмет көрсету және май құю жөніндегі операциялар қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен халық денсаулығын қамтамасыз ететін талаптардың барлығы сақтала отырып жүзеге асырылатындай түрде жоспарлануға тиіс.

3. Жағалаудағы инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуі және оларды бөлшектеу аяқталғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жерлерді рекультивациялау жүргізілуге тиіс.

 

278-бап. Кеме қатынасына қойылатын экологиялық талаптар

1. Каспий теңізінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерінің кездейсоқ интродукциялануын болғызбау үшін экологиялық зерттеп-қарау жүргізбестен, бұрын өзге су бассейндерінде жұмыс істеген жабдықты және аппаратураны, сондай-ақ кемелерді пайдалануға тыйым салынады.

2. Су көлігімен жүзіп өтудің барлық түрлері жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының құрамында ұсынылуға тиіс. Егжей-тегжейлі жобалау сатысында және жұмыстарды ұйымдастыру кезінде кемелердің маусымдар бойынша қозғалу кестесі айқындалуға және картографиялық материалдарда кемелердің жүзу маршруттары көрсетілуге тиіс. Жүзіп өту маршруттарын таңдау кезінде мұз қату жағдайларын қоса алғанда, гидрометеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ балықтың бағалы түрлерінің уылдырық шашу және миграциялау, итбалықтардың жатақтарға бару, құстардың ұя салу кезеңдері мен орындары ескерілуге тиіс.

3. Кемелердің барлығы отынды жабық бункерлеу жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыс жинайтын ыдыстармен жабдықталуға, олардың ашық су айдынына төгілуіне мүмкіндік бермейтін құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс.

4. Сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қоршаған ортаға түсуін болғызбайтын жабық контейнерлер мен арнайы ыдыстарда жүзеге асырылуға тиіс.

5. Кемелердің, басқа да жүзу құралдарының, теңіз бұрғылау қондырғылары мен платформаларының корпустары сертификатталған коррозияға қарсы заманауи материалдармен жабылуға тиіс.

6. Теңізде кемелерге май құю отынның және жанар-жағармай материалдарының төгілуін және ағып кетуін болғызбайтын жүйелердің көмегімен жүргізілуге тиіс.

7. Кемелерден шығатын шу мен діріл санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларда, гигиеналық нормативтерде белгіленген шудың шекті жол берілетін деңгейінен аспауға тиіс.

8. Арнайы мақсаттағы кемелердің құрылыс жабдығы шу мен діріл деңгейін төмендетуге арналған құрал-жабдықтармен жасақталуға тиіс.

9. Каспий теңізі акваториясында көмірсутектер мен өзге де қауіпті заттарды танкермен тасымалдау үшін қосарлы корпусы бар танкерлер пайдаланылады.