68-бап. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш
1. Осы Кодексте өзі үшін қоршаған ортаға әсер етуді міндетті бағалау немесе белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне міндетті скрининг белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген тұлға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш беруге міндетті, содан кейін осы тұлға тиісінше қоршаған ортаға әсерді бағалаудың немесе белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингтің бастамашысы (бұдан әрі - бастамашы) болып танылады.
2. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш электрондық нысанда беріледі және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, электрондық пошта мекенжайы;
2) заңды тұлға үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшы туралы деректер, телефоны, электрондық пошта мекенжайы;
3) белгіленіп отырған қызмет түрлерін жалпы сипаттау және оларды осы Кодекске 1-қосымшаға сәйкес сыныптау немесе осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес осындай қызмет түрлеріне енгізілетін елеулі өзгерістерді сипаттау;
4) белгіленіп отырған қызметті жүзеге асырудың болжамды орны, орынды таңдау негіздемесі және басқа да орындарды таңдау мүмкіндіктері туралы мәліметтер;
5) объектінің қуатын (өнімділігін), оның болжамды мөлшерін, өнімнің сипаттамасын қоса алғанда, белгіленіп отырған қызметтің жалпы болжанатын техникалық сипаттамалары;
6) белгіленіп отырған қызмет үшін болжанатын техникалық және технологиялық шешімдерді қысқаша сипаттау;
7) белгіленіп отырған қызметті іске асыруды бастау мен оны аяқтаудың болжамды мерзімдері;
8) қызметті жүзеге асыруға қажетті ресурстар түрлерін, оның ішінде су ресурстарын, жер ресурстарын, топырақты, пайдалы қазбаларды, өсімдіктерді, шикізатты, энергияны олардың болжамды сандық және сапалық сипаттамаларын көрсете отырып, сипаттау;
9) белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде түзілуі мүмкін қоршаған ортаға эмиссиялар мен қалдықтардың болжамды түрлерін, көлемдерін және сапалық сипаттамаларын сипаттау;
10) белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін болуы болжамды түрде талап етілетін рұқсаттардың және осындай рұқсаттарды беру өз құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың тізбесі;
11) көрсетілген белгіленіп отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің ықтимал баламаларын және оны жүзеге асыру нұсқаларын (баламалы техникалық және технологиялық шешімдер пайдалануды және объектінің орналасқан жерлерін қоса алғанда) сипаттау;
12) белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаға жағымсыз және оң әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығын, ұзақтығын, жиілігі мен қайтымдылығын ескере отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымдары;
13) қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығын, ұзақтығын, жиілігі мен қайтымдылығын ескере отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымдары;
14) өздерінің шегінде белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру болжанатын аумақтағы және (немесе) акваториядағы қоршаған орта құрамдастарының ағымдағы жай-күйін қысқаша сипаттау, сондай-ақ, егер бастамашыда мұндайлар бар болса, фондық зерттеулердің нәтижелері;
15) қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің ықтимал нысандарының алдын алу, оларды болдырмау және азайту бойынша, сондай-ақ оның салдарларын жою бойынша ұсынылатын шаралар.
3. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш беру, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау мақсаттары үшін бастамашыда белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесіне қатысты құқықтардың болуы талап етілмейді.
4. 2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш алынғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуы тұрғысынан тексереді және:
1) белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес міндетті бір немесе бірнеше деректеме болмаған жағдайда, бастамашыға кемшіліктерді жою және белгіленіп отырған қызмет туралы қайтадан өтініш беру қажеттігі туралы хабарлайды;
2) бастамашы осы баптың 2-тармағына сәйкес барлық қажетті мәлімет қамтылған, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш берген жағдайда, белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішті ресми интернет-ресурста орналастырады және оның көшірмесін тиісті мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
Мүдделі мемлекеттік органдар деп осы параграфта қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, өз құзыретінің саласына белгіленіп отырған қызметтің құрамына кіретін қызметтің бір немесе бірнеше түрін реттеу, осындай қызмет түрлері үшін рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау жататын мемлекеттік органдар, сондай-ақ қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары түсініледі.
Қатысы бар аумақ деп осы параграфта өзінің шегінде қоршаған орта мен халық белгіленіп отырған қызметтің елеулі әсер етуіне ұшырауы мүмкін аумақ түсініледі.
6. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет-ресурстарға орналастырады.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылғаннан кейін осы Кодекстің 73-бабының 7-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осындай интернет-ресурстарда жұртшылықтың назарына үздіксіз қол жетімді болып қалуға тиіс.
Интернет-ресурста орналастырылған белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке белгіленіп отырған қызмет түрі, ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылатын пошталық мекенжай және электрондық мекенжайлар, сондай-ақ ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау аяқталатын күні көрсетіле отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау туралы жұртшылық үшін ресми хабарлама қоса жүруге тиіс.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, осы баптың 7-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ресми хабарды «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде, сондай-ақ өзге де тәсілдермен таратуды қосымша ұйымдастырады.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты ескертпелері мен ұсыныстарын қабылдауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын ұсынуға құқылы.
Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша жəне теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның ресми интернет-ресурсында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күннен бастап алты жұмыс күні ішінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын ұсынуға құқылы.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы тармақтың екінші жəне үшінші бөліктерінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін алынған ескертулері мен ұсыныстарын ықтимал əсер ету туралы есептің жобасын қарау жəне қоршаған ортаға əсерді бағалау нəтижелері бойынша қорытынды беру кезінде ескеруге тиіс.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан қарауға қабылданған белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке берілген барлық ескертпе мен ұсынысты ескертпелер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі түрінде ресімделетін хаттамаға енгізеді, сондай-ақ сол мерзім ішінде оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындымен және (немесе) белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне жүргізілген скринингтің нәтижелері туралы қорытындымен бірге орналастырады және олардың көшірмелерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша жəне теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көрсетілген хаттаманың және қорытындының (қорытындылардың) көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
11. Трансшекаралық әсерді бағалауға бастама жасау үшін негіз болған кезде, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 80-бабына сәйкес трансшекаралық әсерді бағалауға бастама жасайды.
69-бап. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг
1. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг осы Кодекстің 70-бабында белгіленген өлшемшарттар негізінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізудің қажет немесе қажет емес екенін айқындау мақсатында жүзеге асырылатын, белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсер етуін анықтау процесін білдіреді.
2. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу мақсатында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш беру:
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметтен басқа, көмірсутектерді барлау кезеңінде техникалық жобалау құжаттары негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөлімінде санамаланған белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілер үшін, онда көрсетілген сандық шекті мәндерді (олар болған кезде) ескере отырып;
2) осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөлімінде санамаланған, өздеріне қатысты бұрын қоршаған ортаға әсеріне міндетті бағалауды жүргізу қажет емес екені туралы тұжырыммен қоса, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізілген қызмет түрлеріне және (немесе) объектілердің қызметіне елеулі өзгерістер енгізу кезінде міндетті болып табылады.
Мұндай қызметті белгіленіп отырған қызметтің әсерлеріне скринингтен өтпей жүзеге асыруға тыйым салынады.
3. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 68-бабының 5 - 11-тармақтарына, осы бапқа және экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырады.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне скрининг жүргізу мерзімі белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнін құрайды.
Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша жəне теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органда белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Белгіленіп отырған қызметтің әсер етуіне скрининг жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 68-бабының 9-тармағына сәйкес қарауға келіп түскен барлық ескертпе мен ұсынысты назарға алады.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингтің нәтижелері туралы қорытынды шығарады және екі жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін ресми интернет-ресурста кейіннен орналастыра отырып, оны бастамашыға және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
7. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингтің нәтижелері туралы қорытындыда қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізу қажет немесе қажет емес екені туралы тұжырымдар және олардың уәжді негіздемесі қамтылуға тиіс.
8. Егер белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингтің нәтижелері туралы қорытындыда қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізу қажет екені туралы тұжырым жасалса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган скрининг нәтижелері туралы қорытындымен бірге бастамашыға осы Кодекстің 71-бабына сәйкес дайындалған қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыны жібереді.
9. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште белгіленіп отырған қызметті іске асырудың балама нұсқалары болған кезде, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингтің нәтижелері туралы қорытындыда әрбір нұсқа бойынша жеке тұжырым жасалады.
10. Жеке және заңды тұлғалар белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытындыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.
70-бап. Қоршаған ортаға елеулі әсер етудің өлшемшарттары
1. Белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу кезінде белгіленіп отырған қызметті және оның қоршаған ортаға ықтимал әсер етуінің елеулілігін сипаттайтын мынадай өлшемшарттар:
белгіленіп отырған қызметтің түрі мен ауқымы (өндіріс көлемі, қуаты және өздеріне қатысты осы Кодекске 1-қосымшаның 1-бөлімінде сандық шекті мәндер көзделген өзге де көрсеткіштер);
болжанатын объект орналастырылатын ауданда оның әсер етуін басқа белгілі (іске асырылған, жобаланатын, белгіленіп отырған) қызметтің әсер етуімен кумуляциялау;
пайдаланылатын табиғи ресурстардың түрлері мен саны,
түзілетін қалдықтардың түрлері мен саны,
қоршаған ортаның ластану және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілу қатерінің деңгейі,
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының ережелерін ескере отырып, төтенше жағдайдың және (немесе) аварияның туындау қатерінің деңгейі;
биоәртүрлілікті жоғалту қаупінің деңгейі ескеріле отырып, белгіленіп отырған қызметтің параметрлері;
тиісті жерлердің ағымдағы нысаналы мақсаты және орнықты жер пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары;
қатысы бар аумақтағы табиғи ресурстардың салыстырмалы өкілдігі, саны, сапасы және табиғи регенерациялауға қабілеті;
ландшафтың экологиялық орнықтылығының аумақтық жүйесіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, экологиялық «дәліздерге» және жабайы жануарлардың миграция жолдарына, ландшафтың маңызды элементтеріне, тарихи-мәдени мұра объектілеріне, тарихи, мәдени немесе археологиялық маңызы бар аумақтарға, халық тығыз қоныстанған аумақтар мен жол берілетін шектен тыс жүктемені (бұрынғы жүктемені қоса алғанда) бастан кешіп отырған аумақтарға ерекше назар аудара отырып, табиғи ортаның жүктемені көтере алу қабілеті ескеріле отырып, қатысы бар аумақтың параметрлері;
3) әсер ету көлемін (аумақ пен халық саны), оның трансшекаралық сипатын (оның мемлекет шекарасынан тыс жерге таралуы тұрғысынан), мөлшерлерін, күрделілігін, ықтималдығын, ұзақтығы мен жиілігін, сондай-ақ салдарлардың қайтымдылығын (қоршаған ортаның немесе оның жеке объектісін бастапқы жағдайға жақын күйге дейінгі қалпына келтіру мүмкіндігі) ескере отырып, белгіленіп отырған қызметтің адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етуінің әлеуетті маңыздылығы қаралады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өлшемшарттарды қарау экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
71-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау мақсаты қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында жинақталуға және зерттелуге тиіс ақпараттың тәптіштелу дәрежесін және түрлерін, зерттеу әдістерін және мұндай ақпаратты ықтимал әсер ету туралы есепте беру тәртібін айқындау болып табылады.
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш тіркелген күннен бастап жиырма екі жұмыс күні ішінде, бірақ осы Кодекстің 68-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер етуі міндетті бағалануға жататын қызметке қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы Кодекстің 68-бабының 9-тармағына сәйкес қарауға келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште қамтылған мәліметтердің негізінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарады және оның көшірмелерін ресми интернет-ресурста орналастыра отырып, осындай қорытындыны бастамашыға жібереді.
3. Қамту саласын айқындау кезінде заманауи білім деңгейі, озық зерттеу әдістері, тиісті экономика саласындағы қазір бар техникалық мүмкіндіктер және қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректердің болуы ескерілуге тиіс.
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыға қоршаған ортаға ықтимал әсерлердің түрін, оқшаулануын, сипаты мен ауқымын, сондай-ақ осы Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес хаттамаға енгізілген мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып:
1) белгіленіп отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің және оны жүзеге асырудың қоршаған ортаға әсерді бағалауды орындау кезінде зерделенуі тиіс балама нұсқаларына;
2) тәптіштелген зерделеуді талап ететін әсер ету түрлеріне және әсер ету объектілеріне;
3) әсерді бағалау саласына және оның әдістеріне қатысты ықтимал әсер ету туралы есепке қойылатын талаптар енгізілуі мүмкін.
72-бап. Ықтимал әсер ету туралы есеп
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыға сәйкес бастамашы белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауға қажетті іс-шараларды өткізуді және олардың нәтижелері бойынша ықтимал әсер ету туралы есеп дайындауды қамтамасыз етеді.
2. Ықтимал әсер ету туралы есепті дайындауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - ықтимал әсер ету туралы есепті жасаушылар) жүзеге асырады.
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау және ықтимал әсер ету туралы есеп жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды бастамашы өз есебінен қамтамасыз етеді.
4. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасында қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындының мазмұны ескеріле отырып:
1) өзіне қатысты есеп жасалған белгіленіп отырған қызметті сипаттау, оған қоса:
белгіленіп отырған қызметті жүзеге асырудың болжамды орнын сипаттау, оның геоақпараттық жүйеге сәйкес айқындалған, векторлық файлдары бар координаттары, сондай-ақ есеп жасалған кезде белгіленіп отырған қызметті жүзеге асырудың болжамды орнындағы қоршаған ортаның жай-күйін сипаттау;
белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыруға қажетті объектілерді салу және пайдалану барысында жер санаты және жер пайдалану мақсаттары туралы ақпарат;
белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыруға қажетті объектілердің қуатын, габариттерін (алып жатқан жерлердің ауданы, биіктігі) қоса алғанда, олардың көрсеткіштері туралы ақпарат, өндірістік процесс туралы, оның ішінде кәсіпорынның күтілетін өнімділігі, оның энергияға, табиғи ресурстарға, шикізат пен материалдарға деген қажеттілігі туралы мәліметтер;
қазіргі бар ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды, жабдықтарды кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды және егер бұл жұмыстар белгіленіп отырған қызметті іске асыру мақсаттары үшін қажет болса, оларды орындау тәсілдерін сипаттау;
қаралып отырған қызметті жүзеге асыру үшін объектілерді салуға және пайдалануға байланысты қоршаған ортаға эмиссиялардың күтілетін түрлері, сипаттамалары мен саны, суға, атмосфералық ауаға, топыраққа, жер қойнауына әсер етуді, сондай-ақ дірілді, шулы, электромагниттік, жылулық және радиациялық әсер етуді қоса алғанда, қоршаған ортаға өзге де жағымсыз антропогендік әсерлер туралы ақпарат;
белгіленіп отырған қызмет шеңберінде объектілерді салу және пайдалану барысында түзілетін қалдықтардың, оның ішінде қазіргі бар ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды, жабдықтарды кейіннен кәдеге жаратуды жүзеге асыру нәтижесінде түзілетін қалдықтардың күтілетін түрлері, сипаттамалары және саны туралы ақпарат;