2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешімі
(2025.28.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025.26.02. № 239-34/1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.05. № 273-38/11 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99 331 771,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 23 200 460,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 733 633,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 402 016,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 64 995 661,6 мың теңге;
2) шығындар - 122 826 575,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 997 924,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 196 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 194 524,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 192,7 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 192,7 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 22 497 072,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 22 497 072,7 мың теңге;
қарыздар түсімі - 25 683 843,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 087 471,5 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 900 701,2 мың теңге.
2. 2025 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін: