«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 25 маусымдағы № 5 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру - көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі;
2) экономикалық шоғырлануға қатысушы - экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу - көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: