«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 522 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 522 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:

68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«68. Жоғары оқу орындарында білім алатын және әскери кафедраларда запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін іріктелген азаматтарды (бұдан әрі – студенттер) медициналық куәландыруды оқу басталар алдында жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) медициналық комиссиялары жүргізеді.

Әскери кафедралар студенттерге әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасын ресімдейді. Медициналық куәландыру басталғанға дейін студенттер ЖАО-ның медициналық комиссиясына осы Қағидалар 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық құжаттарды, осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген медициналық зерттеу нәтижесін және әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті ұсынады.

Медициналық куәландыру процесінде көрсеткіштер бойынша денсаулық жағдайын айқындау үшін қосымша зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.