Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
9-қосымша
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстандың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәрт ібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады;
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру - 30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;