(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН БІРІККЕН АРАБ ...

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі

арасындағы дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттарды иеленуші

азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы

КЕЛІСІМ

(Астана қ., 2010 жылғы 13 мамырда)

(2017.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2017 ж. 15 қаңтардағы Хаттамамен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 156 Қаулысымен бекітілді

2011 жылғы 12 сәуірде күшіне енді

 

2017 ж. 15 қаңтардағы Хаттамамен бүкіл мәтіні бойынша «дипломаттық паспорт» деген сөздер тиісті түрде «дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі,

екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,

Тараптар мемлекеттерінің азаматтары - дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттар иелерінің екінші мемлекеттің аумағына кіруі жөнінде шаралар қабылдауға дайындықтарын растай отырып,

Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясының және Консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена конвенциясының ережелерін ескере отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

2017 ж. 15 қаңтардағы Хаттамамен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап

 

Тараптар Келісімді іске асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін жарамды құжаттар тізбесіне мынадай құжаттарды енгізуге уағдаласты:

-Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

дипломатиялық паспорт;

қызметтік паспорт;

-Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:

дипломатиялық паспорт;

арнайы паспорт.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.