«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/289 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/289 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануды;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.