«Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 728 бұйрығы

«Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 728 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі - ҚАК) 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес әзірленген және сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінен (бұдан әрі - мекеме) басқа сол түрдегі мекемесіне әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру тәртібін айқындайды.»;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сотталған адамды сол түрдегі басқа мекемеге әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру (бұдан әрі - ауыстыру) қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) жазбаша нұсқауы (бұдан әрі - нарядтар) негізінде жүзеге асырылады.

3. Сотталған адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары мен туыстары (бұдан әрі - туыстары) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 1-бабына сәйкес айқындалады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ауыстыру мәселесін қарау үшін сотталған адамның немесе оның туыстарының өтініштері (бұдан әрі - өтініш) негіз болып табылады.»;

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.