«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 380 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 380 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Республикалық бюджет комиссиясының қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

2) ведомстволық бюджет комиссиясының қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтармен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

3) ақпаратты қорғау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

4) құжаттамалық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің ақпаратты қорғау жөніндегі қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.