«Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/81-VIII «Курчатов қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 21/130-VIII шешімі

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/81-VIII «Курчатов қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 21/130-VIII шешімі

 

Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы 14/81-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Курчатов қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 2 761 185,2 мың теңге:

салықтық түсімдер - 1 931 086,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 9 691,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 34 400,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 786 008,2 мың теңге;

2) шығындар - 3 084 264,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -94 864,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -228 215,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 228 215,1 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 94 864,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 323 079,1 мың теңге.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 741 046,2 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы

Г. Хусайнова

 

Курчатов қалалық мәслихатының

2024 жылғы 26 қыркүйектегі

№21/130-VIII шешіміне

қосымша

 

 

Курчатов қаласының 2024 жылға арналған бюджеті

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.