«Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 353 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшылардың тамақтану нормаларын белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын: